Accessibility links

Санжар Омаров соңғы сегіз күнде карцерде отыр


"Күнсәулелі Өзбекстан" оппозициялық ұйымының түрмеде отырған басшысы Санжар Омаров соңғы сегіз күнде карцерде отыр деп жариялады "Фергана" интернет сайты. Бұқара қаласындағы түрме әкімшілігі Санжар Омаровтың апайына ол 16 күн карцерге отырғызылды деп айтыпты. Санжар Омаров – былтыр қазан айында қамалып, экономикалық айыптар бойынша сотталған. Ол жеті жыл түрме жазасын өтеп жатыр. Ал Өзбекстан әділет министрлігі "Орталық Азия еркін айырбас" деп аталатын америкалық ұйымның Ташкенттегі орталық кеңсесін жабу керек деді.
XS
SM
MD
LG