Accessibility links

Германияда 18-ші әлемдік футбол чемпионаты басталды


Мюнхенде жұма күні кешке өткен чемпионаттың салтанатты ашылуында Германия президенті Хорст Келер әлем біріншілігінің басталғанын хабарлады. Чемпионаттың алғашқы ойынында Германия футболшылары Коста Рика командасымен кездесіп, 4-2 есебімен жеңіске жетті. Келесі ойында Польша ойыншылары Эквадор футболшыларынан ұтылып қалды. Барлығы әлем чемпионатына 32 елдің футболшылары қатысып жатыр. Осыған дейін 5 рет әлем чемпионы мәртебесін жеңіп алған Бразилия командасы бұл чемпионаттың да таңдаулы ойыншылары. Әлемдік футбол чемпионаты бір ай бойы жалғасып, оның ақтық ойыны 9 шілдеде Берлинде өтеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG