Accessibility links

Иран командасының жаттықтырушысы Бранко Иванкович: «Президентке емес, футболға назар аударыңыздар»


Нюрнбергтегі Футболдан әлем чемпионатының кезекті ойыны алдында өзіне сұрақ қойған журналистерге осындай өтініш білдірген Иран командасының жаттықтырушысы, президент Ахмединежадтан өзінің ешқандай хабар алмағанын айтқан. Еврей топтары Иран мен Мексико командаларының ойынын көруге келген Иранның вице-преизденті Мохаммед Алибадиге қарсы наразылық білдіруге шақырған. Бүгін сондай-ақ Лейпцигте Сербия-Черногория құрамасы Нидерланды футболшыларымен, Кельнде Ангола мен Португалия командалары кездеседі. Кеше ағылшын футболшылары Парагвайдан 1-0 есебімен басым түссе, Аргентина Кот- д - Ивуар командасын 2-1 есебімен ұтты.
XS
SM
MD
LG