Accessibility links

АҚШ әскері Хадисадағы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр


Американдық сержант Фрэнк Утерих өткен жылы Ирақтың Хадиса қаласындағы 24 қарапайым азаматтың қазасына қатысты оқиғада ешқандай заңсыз әрекет жасамадым деп мәлімдеді. Бұл туралы АҚШ-тың “Вашингтон Пост” басылымы хабарлады. Сержант Утерих сол кезде әскери теңізшілердің жетекшілігінде болған екен. Сержанттың сөзіне қарағанда, АҚШ әскерлері өздеріне қарсы оқ атылған соң, олар кейін бүлікшілерге шабуыл жасаған. Сол шабуылда қарапайым азаматтар да қаза тапқан болуы мүмкін, деп түсіндіріпті ол оқиғаны сержант Утерих өзінің адвокатына. АҚШ әскері қазір Хадисадағы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG