Бүгін Газада Израиль әскері әуеден соққы беріп, “Хамас” тобының бір соғысушысын өлтіріп үшеуін жарақаттады. Ал оның алдында Газаның оңтүстігіндегі соғысушылар Израильді зымыранмен атқылап бір адамды жаралаған болатын. Бұл шабуыл жұма күні Израиль атқан зымыраннан жеті адам опат болғаннан кейін жасалды. Израиль әскері елін қорғау мақсатында аймақта рейд жүргізіп жатқанын хабарлады. Басқа да хабарларға қарағанда, Хамас жетекшілігіндегі Палестина үкіметі президент Махмұд Аббас жариялаған референдумды өткізуге қарсылық танытты. Елдің мәртебесіне қатысты референдум шілденің 26-ы күні өтпек.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?