Accessibility links

Иран өзінің ядролық бағдарламасы нысандарын тексеруге әлі ерік бермей отыр


ВЕНА. Бүгін атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің Бас директоры Мухаммад Әл-Баради Иран өзінің ядролық бағдарламасын тексеруге әлі де қарсылық көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Әл-Баради Иранды уран шикізатын байыту бағдарламасынан бас тартуға ынталандыру мақсатында Батыс елдерінің жолдаған жаңа ұсыныстарын жақсы бағалады. Мұндай пікірін ол құрамында 35 елдің өкілі бар МАГАТЭ басқармасының бүгінгі мәжілісінің ашылуында білдірді.
XS
SM
MD
LG