Accessibility links

Украина парламенті үкімет коалициясын тағы құра алмады


Украина парламенті үкімет коалициясын құру мәселесін талқылап, бүгін тағы келісім таппады. Бұрынғы бас министр Юлия Тимошенконың партиясы, демократиялық революциядағы оның бұрынғы одақтасы, президент Виктор Ющенко басқаратын "Біздің Украина" партиясы, Социалистік партия үкімет коалициясын құру жайында бірнеше апта бойы келісім таба алмай жатыр. "Біздің Украина" партиясы парламенттік сайлауда жеңіске жеткен барлық партияны кеше келіссөзге шақырды. Юлия Тимошенко ресейшіл бағыттағы "Аймақтар партиясымен" үкімет коалициясын құрмаймыз, келіссөз жүргізбейміз деп мәлімдеді бүгін.

AzattyqTV

Маңғыстау мұнайшысы

Жамбыл Бойбоздың пікірі

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG