Accessibility links

Ауғанстанда талибаншыларға қарсы аса үлкен операция басталмақ


АҚШ бастаған коалиция ертең Ауғанстан оңтүстігінде талибаншыларға қарсы аса үлкен операция бастамақ. 2001 жылы Талибан үкіметі құлатылғалы бері бұл ең үлкен науқан болмақ. АҚШ әскерінің өкілі Қандағар, Гелманд, Зәбіл және Оразған провинцияларында басталатын операцияға 11 мың сарбаз қатысады деп мәлімет берді. Ауғанстанда бүгін, сол сияқты, терроризмге қарсы жеке операциялар барысында бір америкалық сарбаз қаза тапты және коалиция әскерінің құрамында бір сарбаз қаза тапты.
XS
SM
MD
LG