Accessibility links

Билік айыпталушыларды сот процесін Талдықорғанда өткізуге күштеп көндірген


ТАЛДЫҚОРҒАН. Бүгін Талдықорғанда қазақ оппозициясының көрнекті лидері Алтынбек Сәрсенбайұлын тапсырыспен өлтірген қылмыстық іс бойынша сот процесі қысқа үзілістен кейін қайта жалғасты. Алтынбектің туыстары ресми биліктен сотты Алматы қаласында өткізуді талап етуде. Бүгінгі сот отырысы барысында айыпталушы Ержан Өтембаев пен Мирошниковтың адвокаттары да соттың Алматыда өткізілуін талап етті. Алтынбек пен оның 2 көмекшісі ақпан айында Алматы қаласының түбінде өлтірілген болатын. Бұл қылмыс бойынша бас-аяғы 11 күдіктіге айып тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG