Accessibility links

Иран Шанхай ұйымына мүше елдердің энергетика министрлерінің басын қоспақшы


ШАНХАЙ. Бүгін Иран президенті М.Ахмадинеджад Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдерді халықаралық қатынастардағы, оның өз сөзімен айтқанда, “басынған билік құзырына” қарсы тұруға шақырды. Шанхайдағы 5-інші саммиттің ашылуында сөйлеген сөзінде Ахмадинеджад, сонымен қатар, Иран “энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту үшін Шанхай ұйымының энергетика министрлерінің кездесуін өткізуге дайын” деп мәлімдеді. Үндістан, Пәкістан және Монғолия сияқты Иран да Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына бақылаушы ретінде қатысады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG