Accessibility links

Бейсенбі күні Қытайдың шығысында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті


Ұйымға мүше 6 ел басшылары өзара байланыстарды нығайтудағы міндеттерін тағы да қайталап, лаңкестік әрекеттерге қарсы күрес пен көлік қатынасын жақсартуға байланысты келісімдерге қол қойды.

Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары қатысқан бұл саммитте Иран, Пәкістан, Монғолия мен Ауғанстан басшылары да бақылаушы және қонақ мәртебесінде болды. Қытай президенті Ху Жиңтао тұрақтылыққа қауіп лаңкестік, экстремистік және жікшілдік бағыттардан туындап тұр, деді.

- Әлемнің басқа да жерлері сияқты бұл аймақ та да жағдай негізінен тұрақты. Дей тұрғанмен, үш түрлі күш ауыздықталмай тұр. Олар- есірткінің кең таралуы, шекараларды қиып өтіп жатқан қылмыстар аса қауіпті және экономикалық дамулар артта қалуда. Біз көпжақты әріптестікті құрып, ұзаққа жалғасқан бейбітшілік үшін жұмыс істеп, аймақта табыс пен үйлесімділік орнатуымыз қажет”,- деді Ху Жиңтао мырза.

Өзге басшылар да бұл мәлімдемені қоштады. Саммит соңында қол қойылған қарарда Еуразия құрылығында лаңкестік пен экстремизм қаупіне қарсы күрестегі аталған ұйым рөлі баса көрсетілді. Ресей президенті Владимир Путин “дағдарысты жағдайды” жұмсартуға Шанхай ынтымақтастық ұйымы көмектесе алады, деген ұсынысын айтты. Бұған дейін аталған ұйым әскери блок емес және болмайды да, деп атап көрсетілген болатын. Лаңкестік әрекеттерге қарсы күрестегі бұл ұйымның көмегі туралы идеяны мүше елдер - Қырғызстан, Өзбекстан қызу қуаттауда. Сондай-ақ бұл ұсыныс - Пәкістан мен Ауғанстан үшін де аса маңызды мәселе.

Сонымен бірге ұйымға мүшелікке ұмтылушылардың өсе түскендігін Путин мырза атап өтті.

- Жекелеген мемлекеттер мен аймақтық тұтас құрылымдардың Шанхай ынтымақтастық ұйымына деген қызығушылығы тұрақты түрде өсіп отыр. Бұл қызығушылықтың өзі мүше елдер тарапының жүргізіп отырған үйлесімді де ашық бағытын көрсетуде. Біздің әріптестігіміздің тең хұқықты және өзара тиімді табиғаты ғаламат тартылыс күшіне ие, - деді Путин мырза.

Ал, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев болса ұйым қатарына жаңа мүшелерді қабылдау мәселесін одан әрі жетілдіре түсу жөнінде ұсыныс жасады.

Қауіпсіздік сауалы мен есірткі тасымалына қарсы күресте одан әрі тығыз әріптестік орнатуға шақыра отырып, бұл саммитте сондай-ақ ұйым ішіндегі өзара сауда қарым-қатынасын жақсарту жөніндегі ниеттерін тағы да қайталады. Жаңа жолдар мен темір жолдар салу ісі, сондай-ақ Орталық Азиядағы энергия көздеріне инвестиция енгізу мәселесі де қаралды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы ішіндегі өмір сүру деңгейі өсетін болады, деді Путин.

Келесі БҰҰ-ның бас хатшысы Азиядан болса деген бірлескен ниеттерін де саммитке қатысушылар білдірді. Алты елдің басшылары да әлеуметтік даму үлгісі сыртқа экспортталмайтын болады, деді.
XS
SM
MD
LG