Accessibility links

Сот айыпталушы жақпен бірге жапа шеккен жақтың да талаптарын қанағаттандырмады


ТАЛДЫҚОРҒАН. Бүгін Талдықорғанда қазақ оппозициясының көрнекті лидері Алтынбек Сәрсенбайұлын тапсырыспен өлтірген қылмыстық іс бойынша сот процесі қайта жалғасып, оның барысында судья айып тағылғандардың адвокаттары қойған бірнеше талабын қанағаттандырмады. Алтынбектің туыстары ресми биліктен сотты Алматы қаласында өткізуді талап етуде. Бүгінгі сот отырысы барысында айыпталушы Ержан Өтембаев пен Мирошниковтың адвокаттары да соттың Алматыда өткізілуін талап етті. Алтынбек пен оның 2 көмекшісі ақпан айында Алматы қаласының түбінде өлтірілген болатын. Бұл қылмыс бойынша бірнеше адам, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірнеше қызметкері айыпталып отыр. Сот барысымен “Азаттық” Радиосы өз тыңдармандарын күнделікті құлағдар етіп отырады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG