Accessibility links

МАГАТЭ агенттігінің жиынында әлем елдерінің өкілдері Иранды уран байытуды тоқтатуға шақырды


Өткен аптада Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі мен Германия тарабынан жасалған ұсыныстар пакеті Иранға табыс етілген болатын. АҚШ пен Европаның, Ресей мен Қытайдың өтініштеріне жауап бере келіп, МАГАТЭ-дегі Иран елшісі Али Асгар Солтание ұсыныстардың жан-жақты қаралып, талқыланғандығын айтты.

- Европа одағынан біз ол ұсыныстарды алдық, біздің Жоғарғы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы хабардар еткендей ұсыныстар қатарында оң белгілер бар және сонымен қатар, әрине, онда айқын емес тұстар да бар. Біз оны жан-жақты талқыладық, әрине, Европа одағына өз көзқарас-пікірімізді білдіретін боламыз.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG