Accessibility links

Теһран АҚШ пен Еуроодаққа оған “уақыты келгенде” жауап береді


ВАШИНГТОН-БРЮССЕЛЬ. АҚШ пен Европа Одағы Иранды өзінің ядролық бағдарламасына байланысты халықаралық қоғамның соңғы ұсыныстарына тиянақты жауап беруге шақырды. Жуырда БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесімен және Германиямен келісілген ұсыныстарға Иранның білдірген көзқарасын АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс “айтарлықтай дұрыс” деп бағалады. Бұл ұсыныстарда егер Иран уран шикізатын байытудан бас тартса, онымен экономикалық ынтымақтастық орнату қарастырылған. Иран президенті М.Ахмадинеджад “ядролық мәселені” шешуге бағытталған дүниежүзілік қоғамның осы ұсыныстарын “бір адым алға басу” деп атап, Теһран оған “уақыты келгенде” жауап береді деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG