Accessibility links

Ресей күштері А.Масхадовтың “мұрагерінің” де көзін жойды


Чешенстанда чешен сепаратистерінің көсемі – “Ичкерия” деп аталатын республиканың президенті” Абдул-Халим Садуллаев қаза тапты. Чешенстан үкіметінің хабарлауынша, Грозныйдың жанындағы Аргун қаласында өткізілген арнайы операцияның барысында ол өзінің бір серігімен бірге оққа ұшты. Тағы 2 сепаратист аман құтылды. Абдул-Халим Садуллаев - өткен жылы Ресей армиясымен қақтығыста қаза болған Аслан Масхадовтың президент тағындағы “мұрагері” болып тағайындалған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG