Accessibility links

Жапония Солтүстік Кореяны зымыран сынағын өткізуден бас тартуға шақырды


Жақында Солтүстік Корея құрылықаралық баллистикалық зымыран сынағын өткізуге дайындалып жатыр деген хабарлар тараған болатын. Жапония сыртқы істер министрі Таро Асо егер зымыран Жапония жеріне келіп түсетін болса, Токио мұны өзіне жасалған шабуыл деп бағалайды деп атап көрсетті. Жапонияның Киодо жаңалықтар агенттігі аты аталмаған дипломаттың «егер Солтүстік Корея зымыран сынағын өткізетін болса, АҚШ пен Жапония БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің алдына мәселе қоятын болады» деген сөздерін берген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG