Accessibility links

Шешен көтерлісшілерінің жетекшісі Абдул-Халим Садуллаевтың өлтірілуі - Ресейдің арнайы күштерінің табысы


Шешенстанның Мәскеу қолдайтын премьер-министрі Рамзан Қадыровтың айтуынша, Садуллаев Грозныйға жақын жердегі Аргун қаласында қаза тапқан. Шешен сепаратистерінің сыртқы істер министрі Ахмед Закаев «Азаттық» радиосының Солтүстік Кавказ редакциясына берген сұхбатында Садуллаевтың өлімін саяси өлім деп сипаттады:

- Бүгін таңертеңгісін Ресейдің арнайы қызметі кезекті саяси өлтіруді жүзеге асырды. Күштер тең келмейтін соғыста Садуллаев қаза тапты. Онымен бірге жүрген тағы екі адам опат болды. Шайқасқа барлығы 3 мыңға жуық жасақ қатыстырылды.

Садуллаев өткен жылы Шешен көтерілісшілерінің басшысы Аслан Масхадов өлтірілгеннен кейін оның орнын басқан еді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG