Accessibility links

А.Закаев: “...Ресейдің барлау қызметі кезекті “саяси кісі өлтіруін” іске асырды


ГРОЗНЫЙ. Чешен сепаратистерінің лидері Абдул-Халим Садуллаев Грозныйдың маңында іске асырылған анайы операцияның барысында қаза тапты. Чешенстанның мәскеушіл премьер-министрі Рамзан Қадыровтың бүгін хабарлағанындай, Садуллаевқа жақын үзеңгілестерінің бірі ресми билікке оның жасырынған жерін хабарлаған соң, ол Аргун қаласында федералдық әскердің қоршауына түсіп оққа ұшты. “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында чешен сепаратистерінің сыртқы істер министрі Ахмед Закаев: “Бүгін таңертең Ресейдің барлау қызметі кезекті “саяси кісі өлтіруін” іске асырды. Басым күшпен шайқаста чешендердің Ичкерия республикасының президенті Абдул-Халим Садуллаев құрбан болды”, деп мәлімеді. А.-Х.Садуллаев – Ичкерия президентінің тағында дәл осындай шараның барысында қаза болған А.Масхадовтың мұрагері болатын.
XS
SM
MD
LG