Accessibility links

“Хамас” мүшелері Еуроодақты “жауыздық саясатын жүргізіп отыр деп айыптайды


РАМАЛЛА. Палестина лидерлері Еуропа Одағының Палестина халқына экстремистік “Хамас” ұйымы жасақтаған автономия үкіметінің сыртынан көмек беру жоспарына наразылық білдіруде. Палестина президенті М.Аббас қаржыланырудың жаңа жолын “алға басу” деп бағалап, бірақ мұндай жол үкіметтің рөлін жоққа шығарады деп атап көрсетті. “Хамас” ұйымының мүшесі болып табылатын Ақпарат министрі Юсиф Ризка Еуроодақты Палестина халқын жікке бөлетін “жауыздық саясат” ұстанып отыр деп айыптады. Кеше Еуроодақтың басшылары Палестинаның кедей отбасыларына 100 млн. еуро бөлу туралы шешім қабылдады.
XS
SM
MD
LG