Accessibility links

Солтүстік Корея АҚШ-қа ұшып жете алатын зымыранын сынауға әзірленіп жатыр ма?


ТОКИО. Солтүстік Кореяның өкілдері “Пхеньян зымыранды сынақ үшін ұшыруға әзірленіп жатыр” деген хабарды жоққа шығаруда. Ол жайында бүгін Жапонияның Киодо агенттігі хабарлады. Оған сәйкес, Солтүстік Кореяның ресми өкілдері Сеулде Оңтүстік Кореяның депутатына Пхеньян зымыранды сынауға әзірленіп жатыр деуге “негіз жоқ” деп мәлімдеген. Бірақ оны растайтындай Солтүстік Кореяның өзінен ешқандай хабар жоқ. Ал бүгін АҚШ пен Жапония ресми Пхеньянды Америкаға жете алатын зымыранды сынау жоспарынан бас тартуға шақырды. АҚШ-тың Токиодағы елшісі Томас Шиффер: “зымыранның сынағы арандатушылық актісі болады” деп ескертті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG