Accessibility links

Бразилия түрмелеріндегі тұтқындардың бүлігі көбейіп барады


БРАЗИЛИА. Бразилия үкіметінің хабарлауынша, Рио-де-Жанейро қаласынан солтүстікке қарай орналасқан әрі қатаң күзетілетін түрмедегі 3 күндік бүлік 250-ден асатын адамды кепілдіктен босатумен аяқталды. Бүлік кезінде түрмеде отырғандардың кемінде екеуі қаза тапқан, оның біреуін асып өлтірген. Бұл Бразилияда соңғы бірнеше күннің ішінде орын алған үшінші “түрме бүлігі” болды. Өткен айларда Бразилия түрмелеріндегі бүліктер мен полицияға қарсы қастандықтардан 200-ге жуық кісі мерт болды.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG