Accessibility links

Солтүстік Корея шынымен де ұзаққа самғайтын соғыс зымыранын сынақтан өткізе ме?


НЬЮ-ЙОРК. АҚШ-тың БҰҰ-ындағы елшісі Джон Болтон егер Солтүстік Корея ұзаққа самғайтын зымыранын сынайтын болса, оған қандай жаза қолдануға болатыны жөнінде Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен алғашқы кеңестерін өткізгенін хабарлады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс зымыранның сынақ үшін ұшырылуын “арандатушылық актісі” деп есептелетінін мәлімдеді. Кейбір ақпарға қарағанда, Солтүстік Корея сынақ алдында зымыранына жанар май құйғанға ұқсайды.
XS
SM
MD
LG