Accessibility links

Жапония Ирақтағы әскерін шығаратынын мәлімдеді


Бүгін Жапония премьер министрі Дзюнъитиро Койдзуми өз елінің Ирақтың оңтүстігіндегі 600 әскерін шығару туралы жоспарын жариялады. Жапонияның Қауіпсіздік Кеңесі таратқан мәлімдемеде, Жапонияның Ирақтағы миссиясы осымен аяқталды делінген. Койдзуми Жапония бұл елден өз жасағын шығарған соң да Ираққа қолдауын жалғастыра береді деген.

“Біз жапониялық бітімгершілік күштердің гуманитарлық әрі қайта қалпына келтіру жөніндегі миссиясы аяқталғандықтан осындай шешімге келдік”, - дейді Койдзуми.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG