Accessibility links

Германияда футболдан өтіп жатқан әлем додасы күтпеген оқиғаларға толы

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Бұл жолғы бір айға созылған футбол жарысы шын мәнінде әлемдік дәрежедегі оқиға болды. Биылғы футболдан Әлем кубогында Бразилия айрықша орынға ие болды. Африканың кедей елдері Еуропалық мықтыларды оп-оңай ауыздықтай алды. Құрама Штаттар болса алдыңғы қатарға көтеріле алмады. Осылайша күтпеген оқиға көп болды.

Әрбір төрт жыл сайын бір рет өтетін халықаралық футбол ойындары кезінде әлемнің дүр сілкінетіні бар. Бұл жолғы Әлемдік кубокта Құрама Штаттар тұғырдан кетіп, жеңіс биігіне Бразилия көтерілді. Әлемге қарқарадай атағы таралып кеткен батырлар- Роналдино, Кака және Робино есімдері еді. Әлемдік кубок дүниеге жаңа тәртіп әкелді. Мықтылар қатарында Бразилия, Италия, Германия, Аргентина бар. Олардың қатарына Құрама Штаттар және Ресей елдері жетуге ұмтылып бағуда.

Германия қаласы Гелсинкирхенде өткен жекпе-жек кезінде Америка Құрама Штаттары Чех командасынан 3-0 есебімен ұтылып қалды. Осылайша өткен аптада 10 миллион халқы бар, экономикалық дамуы жағынан әлем бойынша 50-ші орында тұрған Чех елі 300 миллион тұрғыны бар, жер шарында экономикалық және саяси жағынан теңдессіз күшке айналған Құрама Штаттар ойыншыларын жеңіп, әлемдегі бір миллиардай көрерменді таң қалдырды.

Осы аптада Германияда болған баспасөз мәслихаты кезінде АҚШ ұлттық құрамасының бапкері Брюс Аринаға Чех командасынан жеңілгеннен кейін өз биігіне қалай қайта көтерілуі мүмкін екендігі жөнінде сауал қойылған болатын.

- Біз өз беделімізді жоғалттық деп ойламаймын. Біз әлем бойынша 2-ші қатардағы жасақтан алғашқы ойында жеңіліп қалдық. Мұнымен бүкіл өмір тоқтап қалған жоқ, әрине. Біз бар болғаны футбол ойынында жеңіліп қалдық. Біз өз беделімізді, құрметімізді, қасиетімізді жоғалтқан жоқпыз,- деді Арина өз жауабында.

Бұл кезде Құрама Штаттар мен Италия өзара кездесуде 1-1 болған еді. Осы айдың басында, Әлем кубогы басталар қарсаңда, БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан мырза “БҰҰ сияқты футбол да айрықша ұйымдардың бірі”, деген еді. Қазіргі кезде футболдың әлем алдындағы беделі Қауіпсіздік кеңесімен қатарлас тұр. Олардың қатарында Бразилия, Германия, Италия, Уругвай, Франция және Британия бар.

Футбол әлемі деген күтпеген оқиғаларға толы ғой. Жоғарыда сөз болған Чех командасы Ғанадан 0-2 есебімен ұтылып қалды. Ал, ғаналықтар Әлемдік кубоктың финалдық, ақтық ойындарына алғаш рет қатысып отыр еді. Келесі кезеңдерде қазіргі тұғырынан Бразилия да сырығып түсуі мүмкін. Әлем тағы да жаңа жеңімпазбен танысатын болады. Дей тұрғанмен, әзірге, алдағы төрт жыл ішінде Бразилияның жақсы аты дүркіреп тұрмақшы.
XS
SM
MD
LG