Accessibility links

Түркіменстан үкіметі енді шетел дипломаттарын жағадан алып отыр


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Түркіменстандағы өкіліне жергілікті үкімет тарапынан тағылған айыптар жөнінде сипаттама беруден бас тартты. Ұйым өкілі Кейт Джинкс Ашхабадтағы екі өкіліміз дүйсенбі күні Түркіменстан сыртқы істер министрлігіне шақырылды, іс бойынша айтарымыз жоқ деді. Түркіменстан ұлттық қауіпсіздік министрі Гелдымұхамед Әшірмұхамедов дүйсенбі күні ұлттық теледидардан сөйлеп, екі түркімен азаматы үкімет төңкерісін ойластырыпты, оларға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілі Бенджамин Мюрей көмектесіп жүрді деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG