Accessibility links

Джордж Буш Куба Гуантанамо түрмесін жапқанымыз жөн деді


АҚШ президенті Джордж Буш Куба аралында орналасқан Гуантанамо америкалық әскери түрмесі жөнінде айтылып отырған халықаралық сынды қабылдаймын, түрмені жапқанымыз жөн деп мәлімдеді. Бұл сөзін ол кеше Вена қаласында өткен АҚШ-Еуропа Одағының саммитінде айтты. Буш түрмеде отырған соғыс тұтқындарын үйлеріне қайтарған жөн, бірақ олардың арасында "зұлымдықпен адам өлтіргендер" бар, олар заңға тартылу керек деді. Президент Буш, сол сияқты, Иран ядролық бағдарламасы мәселесін айтты. Иран халықаралық ұсынысқа 22 тамызға дейін жауап береміз дейді. Президент Буш жауапты бірнеше ай ішінде емес, бірнеше апта ішінде берген жөн деді.
XS
SM
MD
LG