Accessibility links

Алматыда АҚШ елшісі Джон Ордвей БАҚ өкілдерімен кездесті


Маусымның 21-і күні Алматыда, АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше әрі өкілетті елшісі Джон Ордвей қазақстандық және шетелдік ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым қатынас мәселері тақырыбында журналистер сұрағына жауап берді. АҚШ елшісінің айтуынша, Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас жақсы дамып келеді. Әсіресе, энергетика саласындағы қарым-қатынасты ерекше айтуға болады деді ол.

Оның айтуынша осы уақытқа дейін АҚШ үкіметі Қазақстанның мұнай-газ саласына ешқандай инвестиция салмаған. АҚШ инвестициясы деп айтылып жүрген миллиардтаған инвестицияларды бұл салаға АҚШ-тың ірі мұнай компаниялары енгізіп отыр. АҚШ елшісінің айтуынша, алдағы уақытта АҚШ компаниялары тарапынан Қазақстанның мұнай-газ саласына егізіліетін инвестиция көлемі ұлғая бермекші.

Д.Ордвей сондай ақ АҚШ компаниялары тарапынан Қазақстан экономикасына деген қызығушылықтың тек мұнай-газ саласымен ғана шектеліп отырмағанына тоқталды.

Оның айтуынша, соңғы кезде Американың түрлі компаниялары Қазақстанның көмір шығару, көлік-транспорт, электр өндіру және телебайланыс салаларына да неше милиондаған доллардың инвестициясын кіргізіпті. Мысалы, кешікпей Американың «General Electrix» компаниясы Қазақстанда темір жол локомотивтерін жасайтын өндірісті салу ісіне кіріскелі отыр. Жуырда ғана осы өндірістің фундаментіне тас қойылды деді АҚШ елшісі.

Екі ел арасындағы экономика тақырыбынан соң АҚШ елшісі басқа тақырыптарға да тоқтала кетуді жөн санады. Оның айтуынша өткен аптада Алматыда болып өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының саммитіне АҚШ бақылаушы ел мәртебесінде қатысқан. АҚШ ұстанымы бойынша Азия құрлығындағы тұрақтылық және бейбітшіліктің болуына ол ұйым болашақта үлкен рөл атқара алмақшы дейді елші.

АҚШ елшісі сондай ақ Қазақстан үкіметі тарапынан дайындалған, Қазақстанның журналистік ұйымдарының қатаң сынына ұшыраған «БАҚ туралы» жаңа заң жобасының парламент мәжілісінде қабылданып кетуіне байланысты өкініш білідірді. Қазақстанның ақпарат министрлігі әзірлеген бұл заң жобасы Қазақстандағы баспасөз бостандығына сай емес, яғни бір қадам кейін шегіну болды, бұл түптің түбінде Қазақстанның Еуропадағы қауіпісіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы болсам деген арманына кедергі жасайтын заң жобасы болды деді ол.

АҚШ елшісі Джон Ордвей, сондай ақ, Қазақстан президенті Н.Назарбаев алдағы қыркүйекте АҚШ-қа сол елдің президенті Джордж Буштың арнайы шақыруымен барады екен деген ақпаратты не растамады, не оны теріске шығармады. Бұл туралы АҚШ жағы әлі мәлімдеме жасауға ерте деп санайды, яғни, қандай бір хабарлама таратуға дайын емес деген жауап қайтарды.

Маусымның 12-13 күндері Алматыда өткен ОБСЕ-нің дінаралық, ұлтаралық және мәдениет аралық мәселедегі төзімділік тақырыбындағы үлкен бір жиында Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рахат Әлиев дүйім жұрт алдында Қазақстан президенті алдағы күз айында, яғни қыркүйек айында АҚШ-қа сол елдің президентінің ресми шақыруымен баратындығы туралы мәлімдеген болатын. Бұл туралы іле-шала қазақстандық БАҚ тар хабар таратқан еді.
XS
SM
MD
LG