Accessibility links

Айман Әл-Заухари кек алуға шақырды


"Әл-Жәзира" араб телекомпаниясы Абу Мұсаб Әл-Зарқауидың қазасына аза тұтып отырған "Әл Қаида" ұйымының екінші басшысы Айман Әл-Заухари түсірілген бейнежазу жариялады. Абу Мұсаб Әл-Зарқауи 7 маусым күні Ирақта АҚШ әскерінің әуе соққысында қаза тапқан. Айман Әл-Заухари кек алуға шақырды, Ирақ бас министрі Нури Кәміл Әл-Мәликиді балағаттады. Айман Әл-Заухаридің өзі Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында таулы аймақта бекініп жүр деп айтылады.
XS
SM
MD
LG