Accessibility links

АҚШ өкілі Иран бас прокуроры Саид Мортазиды қамауға шақырды


Иран Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары Кеңесі деген жаңа ұйымының тұсаукесеріне делегация басшысы ретінде бас прокуроры Саид Мортазиды жолдап отыр. Канада бұған наразылық танытты. Енді осы наразылыққа Америка Құрама Штаттары қосылды. Иран бас прокуроры Саид Мортази адам құқықтарын бұзуға атсалысқан деп күдіктеледі. АҚШ сыртқы істер министрлігінің өкілі Том Кейси Саид Мортази 2003 жылы Иран түрмесінде қаза тапқан канадалық журналист Захра Каземидің заңсыз қамалуына айыпты, енді Саид Мортазидің өзі қамалып, заңға тартылу керек деді.
XS
SM
MD
LG