Accessibility links

Тәжік оппозициясының түрмеде отырған басшысы Ресейге апарылуы мүмкін


Тәжік оппозициясының түрмеде 23 жыл жазасын өтеп отырған басшысы Махмадрузи Искандаров 2005 жылы Ресейде жан сауғалап жүргенде ұрланған деген мәселе қайтадан қозғалды. Махмадрузи Искандаров Мәскеу маңындағы Королев қаласында жан сауғалап жүрген. Искандаровтың айтуынша, ол осы жерден ұрланып, Тәжікстанға күшпен қайтарылды. Ресейлік адвокат Анна Ставицкая Мәскеу облыстық соты оның ұрлануы бойынша іс Королев сотында қайта қаралсын деп ұйғарды, Искандаров Ресейге жеткізіліп, одан жауап алыну керек деп Ресей заң орындарына сұрау жолдады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG