Accessibility links

Британия әскеріндегі Билли теке капрал атағынан айырылды


Британия әскерінде қызмет атқаратын Билли деген текенің әскери шені төмендетілді. Алты-жасар Билли деген ешкі баласы Кипр аралында орналасқан Британия әскери базасында түрлі парадтарға шығарылады. Мұндай дәстүр осы батальонда 19 ғасырда басталған екен. Билли есімді текенің капрал деген шені болған. Алайда кеше ол парадта саптан шығып кетіп, тәртіп бұзыпты. Сол үшін оның әскери шені төмендетілді, Билли текенің әскери атағы енді қатардағы солдат боп қалды.
XS
SM
MD
LG