Accessibility links

Бүгін ресми Техран Ирақтағы жалғасқан қақтығыстардың артында Иран тұр деген айыптан бас тартты


Иранның сыртқы істер министрлігі американдық генерал айтқан бұл айыптауды АҚШтың өз әлсіздігін жасырғысы келген әрі жеңілісін ақтауға тырысқан кезекті амалы деп айтты. Техран өзінің Ирақты бірыңғай әрі күшті ел ретінде көргісі келетінін мәлімдеген. Бейсенбі күні АҚШ күштерінің Ирақтағы қолбасшысы Джордж Кейси Ирақтағы шииттердің қарулы тобына Иран қолдау жасап отыр деп айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG