Accessibility links

Түркия курортында болған жарылыстың себебі зерттеліп жатыр


АНТАЛИЯ. Түркияның әйгілі Анталия курортында кеше болған жарылыстан 4 кісі қаза болып, шамамен 25 адам жараланды. Си-Эн-Эн телеарнасының хабарлауынша, қаза болғандардың ішінде Түркия, Украина және Норвегия азаматтары бар көрінеді. Жарылыс туристер көп баратын Манавгат сарқырамасында болған. Бір мәлімет бойынша, газ баллоны жарылған сияқты. Бірақ ресми билік бұл жарылыстың қастандық болуынан да жоққа шығармайды.
XS
SM
MD
LG