Accessibility links

100-ге тарта жұмысшының ізінше тағы 16 ғылыми қызметкер ұрланды


БАҒДАД. Кеше Ирақта мемлекеттік технологиялық институттың 16 қызметкері ұрланды. Полицияның мәліметі бойынша, қарулы топ Бағдад қаласынан ғылыми мекеме орналасқан Таджи қаласына қарай институт қызметкерлері отырып келе жатқан автокеруенді тоқтатып, тұтқындап алып кеткен. Олар жиһаз алып келе жатқан көрінеді. Өткен аптада дәл осы ауданда мемлекеттік кәсіпорынның 100-ге жұмысшысы жоғалған болатын. Олардың тағдыры әлі де белгісіз.
XS
SM
MD
LG