Accessibility links

Екі компания арасындағы келіспеушілік мемлекеттік деңгейдегі дауға айналып отыр

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ

«Аэроплан» және «Промстрой-Энерго» компанияларының арасындағы азаматтық-құқықтық келіспеушілік үлкен дауға айналып, оған мемлекеттік деңгейдегі мекемелер араласып отыр. Үстіміздегі жылдың басында жоғарыдағы екі компания арасында сату-сатып алу келіссөздер жүрген. Бірақ «Аэроплан» компанииясы өкілдерінің айтуынша, келіссөздер жүріп, «Промстрой-Энерго» компаниясы «Аэропланнан» Robinson R44 тік ұшағын сатып алып, оларға қаржы аударғаннан кейін, артынша «біз ақша аудардық бірақ бізге ешқандай тік ұшақ берілген жоқ» деп компанияны алаяқтық фактісімен айыптап, сотқа арызданған. Енді бұл іске бас аяғы 12 құқық қорғаушы мекеме араласып жатқан көрінеді.

Алдымен істің мән жайын қысқаша баяндайтын болсақ, үстіміздегі жылдың 15-ақпан айында «Аэроплан» компаниясы мен «Промстрой-энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында Robinson R44 тік ұшағын сату-сатып алу жөнінде келіссөздер жүреді. «Аэроплан» компаниясының ресми өкілі Олег Романовтың айтуынша, «Промстрой-энерго» компаниясына өздеріне тиесілі тік ұшақты сатқан.

Ал 17-ақпан күні «Промстрой-энерго» компаниясы қаржыны «Аэропланға» аударғаннан кейін көптеген куәгерлердің қатысуымен тік ұшақты «Промстрой-энерго» компаниясына табыстау рәсімі өтеді. Алайда «Аэроплан» өкілінің айтуынша, сол күні сатып алушы жақ тік ұшақты алдық деп растайтын құжатқа қол қойғанымен, мөрлерін қалдырып кеттік деп құжатқа мөрді баспайды. Осыдан кейін тік ұшақты сатып алған «Промстрой-энерго» компаниясының өкілдері келесі күні-ақ тікұшақпен әуеге ұшуға дайындалады.

Аэропланның өкілі Олег Романовтың айтуынша, әуеге ұшқан күні олар аптатты жағдайды жерге қонып, тік ұшаққа техникалық жағынан зақым келеді. Алайда екі күн өткеннен кейін сатып алушы жақ «біз ешқандай тік ұшақты алған жоқпыз. Бірақ қаржыны аударып қойдық. Енді қаржыны қайтаруды талап етеміз деп сотқа арызданады», – дейді Олег Романов.

Осыдан кейін «Азаттық» радиосы алматылық «Промстрой-энерго» компаниясымен хабарласпақ болған еді. Алайда қалалық телефон анықтама қызметі Алматы бойынша аталған компанияның тіркелмегенін айтты.

Ал ұшқыш Андрей Бухал 18-ақпан күні өздерінің Robinson R44 деп аталатын тік ұшақпен ұшқанын былайша баяндады:

– Ақпан айының 18-күні таңертеңгі сағат 8-де тік ұшақпен ұштық. Сол күні кешкісін 20.00-дер шамасында Дзержинскі ауданындағы бұрынғы Пионер лагері аумағына қондық. Келесі күні тағы да жергілікті жерлерге қонақтары қыдыртып ұшу керек болды. Ал күндізгі 12-лер шамасында қайтадан Бұрындайға қону керек болды. Бірақ келесі күні яғни ақпан айының 19 күні таңертең тік ұшақпен ұшқан кезде қатты жел тұрып апатты жағдайда жерге қондық. Тік ұшаққа зақым келгенімен, ешқандай адам шығын болған жоқ».

Бүгінде жоғарыдағы іс бойынша Астана қаласында азаматтық сот болып жатқан көрінеді. Бірақ «Аэроплан» компаниясының өкілі Олег Романов бір іс бойынша Қостанай, Алматы, Астана қаларындағы құқық қорғаушы мекемелер жан-жақтан қысымға алып, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр дейді. Сонымен қатар компания басшыларына қылмыстық іс қозғалғанын айтады. Ал заңгер Асылхан Дүйсенов азаматтық іс пен қылмыстық істің қатар жүріп жатқанына байланысты «Азаттық» радиосына төмендегідей түсініктеме берді:

– Әдетте азаматтық сот пен қылмыстық сот қатар жүрмейді. Азаматтық сот жүріп жатқан уақытта қылмыстық істер бойынша сотқа арыз түсірген кезде судьялар алдымен азаматтық іс бойынша сот аяқталсын. Олар қандай шешімге келеді. Егер азаматтық іс бойынша кінәлілер анықталса, онда соның негізінде қылмыстық істі қарайды. Ал одан бұрын соттар қылмыстық істі қарамайды.

«Аэроплан» компаниясының өкілі Олег Романов өздеріне қозғалып жатқан қылмыстық істің бәрі Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша дейді. Осыдан кейін Астанадағы бас прокуратураның баспасөз қызметіне хабарласқанымызда ондағы қызметкер бұл істен бейхабар екенін айтты.
XS
SM
MD
LG