Accessibility links

АҚШ-тың Ирақтағы өз әскеріне қатысты бір емес, талай жоспары бар


ВАШИНГТОН. АҚШ президенті Дж.Буш Ирақтан әскерді шығару туралы кез-келген шешім “елдегі ахуалға байланысты” болатынын мәлімдеді. Бұл пікірін Буш Ирақтағы АҚШ әскерінің қолбасшысы генерал Дж.Кейсидің 2007-інші жылдың соңына қарай Ирақтағы әскерді 2 еседей қысқартуды қарастыратын жоспарын ұсынуына байланысты білдірді. Ақ үйдің ресми өкілі Тони Сноудың атап көрсетуінше, әскерді қысқарту – АҚШ үкіметі қарастырып жатқан жалғыз жоспар емес, көп жоспардың бірі ғана.
XS
SM
MD
LG