БРЮССЕЛЬ. Кеше Еуроодақтың энергетика министрлері мен Еуропа Комиссиясы Каспий жағалауынан Орта Азия газын тасымалдайтын газ құбырының құрылысын мақұлдады. Каспий жағалауынан Түркия арқылы Аустрияға дейін тартылатын газ құбырының ұзындығы 3300 шақырым, бағасы 5.8 млрд. доллар болмақшы және 2015-інші жылға қарай Еуропаға жылына шамамен 30 млрд. текше метр газ тасымалданатын болады. Осылайша Еуропа Ресей газына деген тәуелділігін жеңілдетпекші.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өскемен мен Семей
Халық жылдар бойы несие төлеп келе жатса да көше неге тастай қараңғы?