Accessibility links

Испания маймылдарға азаттық бермек


Испания парламенті адамзат секілді үлкен денелі шимпанзе сияқты маймылдарға да еркіндік құқын беру жөніндегі заң жобасын талқыламақ. Парламент мүшесі Арстегуидің айтуынша, үлкен маймылдар да адам секілді өмір сүруге, еркін болуға, азапталмауға құқылы екен.

- Испанияда итті өлтіру заңға қайшы, ал шимпанзені өлтіре беруге болады. Міне, сондықтан да үлкен маймылдарды қорғайтын заң керек. Егер ол тілек іске асса, онда Испания мұндай заң қабылдаған әлемдегі 1-ші ел болмақ, - дейді Парламент мүшесі.

Испанияда бірнеше жүз ғана шимпанзе қалған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG