Accessibility links

“Хамас” ұйымы Израильдің басып кіруін “ашықтан ашық соғыс” деп бағалады


ТАЯУ ШЫҒЫС. Араға 1 жыл салып Иордан өзенінің Батыс жағалауына басып кірген Израиль армиясы түнде “Хамас” ұйымы бастаған Палестина билігінің 64 мүшесін тұтқындап, оны “Хамас” ұйымы “ашықтан ашық соғыс” деп айыптады. Тұтқындалғандардың ішінде Палестина парламентінің 20 депутаты, 8 министр және қала әкімдері мен өлке басшылары бар. Израиль армиясы Газа аймағына өзінің бір жауынгері тұтқынға түскен соң кеше басып кірді. Израиль әлгі жауынгерді “Хамас” ұйымы тұтқындады деп айыптайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG