Accessibility links

Британ парламенті “Әл-Қаида” жағынан елге төнген қатер әлі сейілген жоқ деп санайды


ЛОНДОН. Ағылшын парламентарийлерін Ауғанстан мен Ирақтағы ахуал қатты алаңдатып отыр. Қауымдастықтар палатасының шетелдік істер комитетінің баяндамасында осы екі елдегі британ әскерлерінің күн санап ұлғайып бара жатқан қауіп-қатерге душар болғаны айтылады. Құжатта, сондай-ақ, исламшыл топтардан, ең алдымен “Әл-Қаида” ұйымынан Ұлы Британияның өзіне де әлі қатер төніп тұрғаны ескертіледі. Парламентарийлер үкіметті лаңкестікке қарсы үгіт-насихатты күшейтуге шақырды.
XS
SM
MD
LG