Accessibility links

Ирақта депутат әйел 8 оққағарымен бірге ұрланса, екінші депутатқа қастандық жасалды


БАҒДАД. Бүгін Бағдадта бомба орнатылған автокөлікпен іске асырылған шабуылдан 2 адам мерт болды. Кеше дәл осындай шабуылдың салдарынан кем дегенде 66 кісі қаза тапқан болатын. Сондай-ақ бүгін Ирақ парламентіндегі сүннит депутаттарының жетекшісі ұрланған депутат Тайзир Әл-Машһадани босатылғанша, мәжіліске қатыспайтынын мәлімдеді. Тайзир ханым мен оның 8 оққағарын Бағдадта кісі ұрлаушылар тұтқындап алып кетті. Сонымен қатар бүгін Бағдадта парламенттің белгілі шийт депутаты Айяд Джамаладдин өзіне қарсы ұйымдастырылған қастандық шабуылдан аман қалды.
XS
SM
MD
LG