Accessibility links

Венесуэла армиясы Ресейдің қару-жарағымен қарулана бастады


КАРАКАС. Венесуэла Ресейден алғашқы 2 Су-30 жойғыш ұшағын алды. Олар 5-інші шілде күні өтетін әскери шеруге қатысады. Венесуэла армиясы Американың Ф-16 ұшақтарының орнына өзінің жарағына Ресейден бас-аяғы 24 жойғыш ұшақ сатып алмақшы. Венесуэла президенті Уго Чавестің ашықтан-ашық антиамерикалық саясат жүргізуіне байланысты Пентагон оның жарағындағы өз ұшақтарының құрама бөлшектерін бермей отыр.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG