Accessibility links

Метро поезының бірнеше вагоны рельстен шығып аударылып, 30-дай адам қаза тапты


МАДРИД. Испания шенеуніктерінің хабарлауынша, Валенсия қаласында метро поезы аударылып, 30-ға жуық адам құрбан болды. Қаланың орталығындағы стансадан қозғала берген кезінде жерасты поезының бірнеше вагоны рельстен шығып төңкерілгенге ұқсайды. Испания үкіметінің өкілі Луис Фелипе Мартинестің айтуынша, бұл апатқа техникалық ақаулыққа қоса, тым үлкен жылдамдық та себеп болуы мүмкін. Қазір апат болған жерде құтқарушылар жұмыс істер жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG