Accessibility links

Екінші орыс-қытай бірлескен әскери жаттығуы Ресейде өтеді


МӘСКЕУ. Ресей қарулы күштерінің бас штаб бастығы Юрий Балуевскийдің мәлімдеуінше, Ресей мен Қытай бірлескен екінші әскери жаттығуын өткізеді. Біріншісі Қытайдың Сары теңіз жағалауындағы Шаньдунь түбегінде өткен жылдың тамызында ұйымдастырылған болатын. Генерал Балуевскийдің айтуынша, келесі әскери жаттығу Ресейде өтеді. Бірақ әскери жаттығудың өтетін нақты уақытын айтпады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG