Accessibility links

Әлемнің көптеген елінде бала босанар кездегі әйелдердің өлімі жоғары күйінде қалып отыр

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Әйелдер өлімі жағынан Ауғанстан жер жүзіндегі ең нашар көрсеткішке ие болуда. Африкадағы Сиер Ленон елі де - осындай дәрежеде. Пәкістанда да болашақ аналар өлімі азаймай тұр. Дамыған кейбір елдер қатарында да әйелдер өлімі едәуір жоғары қалпында қалуда. Осы проблеманың себептерін талқылау мақсатында, Нью-Йоркте орналасқан зерттеу инситутының Сыртқы істер бойынша кеңесінде арнайы мамандар өткен аптада бас қосқан болатын.

Бір ғана Нью-Йорк қаласында, жұмыс істеуге рұқсат алған, 600-дей ганалық терапевтер еңбек етуде екен. Ал, Африкалық сол Гана елін тұтастай алғанда, бар болғаны екі жарым мыңдай ғана дәрігерлер бар көрінеді. Гита Рао Гупта ханым- Әйелдер ісі бойынша АҚШ-та орналасқан халықаралық орталық президенті. Оның айтуынша, кедей елдердегі әрбір азаматтың жыл сайынғы медициналық қажеттілігіне 45 доллардай қажет екен. Бұл - адам хұқықтарының сақталуына тікелей байланысты, дейді ол. Білімді де тәжірибелі мамандардың елден көптеп кетуі себепті кедей елдердің дәрігерлер және мед бикелер дайындауға жұмсаған ақшалары желге ұшып жатыр. Сондықтан да Гана сияқты елде ең қажетті деген медициналық мұқтаждықтар да өтелмеуде.

Сыртқы істер және әйелдер бағдарламасы бойынша кеңестің директоры Изобел Колеманның «Азаттық» радиосына айтуынша:

“Әлем тарихында Иран елі - отбасын жоспарлау бойынша өте табысты бағдарлама жүргізген айрықша ел. 1979-шы жылғы Ислам революциясынан кейін ел үкіметі 1980-ші жылдардың басында әйелдердің дүниеге сәбилерді көптеп әкелуін қолдайтын науқанды бастаған болатын. Бұл Иран-Ирақ соғысы жылдары еді. Оның барысында шығындар, әсіресе жас жігіттер шығыны көп болғаны белгілі. Сондықтан олардың орынын басу үшін көп балалы болу - әйелдердің Отан сүйгіштік қасиеті, деп есептелген екен. Халық саны шын мәнінде сол жылдары айтарлықтай өсті”.

Соғыс аяқталғаннан кейін Иран басшылары халық саны бұлайша өсе берер болса, онда елде демографиялық проблемалар пайда болуы мүмкін, деген тоқтамға келіседі. Сонымен 1990-шы жылдардың орта тұсында ел үкіметі керісінше саясатты бастайды. Яғни отбасы санын шектеу бағдарламасын енгізеді.

Колеман ханымның айтуынша бала босану үстіндегі әйелдердің өлім санын азайтуда Иран елінің мысалы талай елдерге үлгі боларлықтай. Отбасына қолдау жасау тұрғысында ел үкіметінің дұрыс саясат жүргізуі аса маңызды, дейді ол. Бүгінгі күні Иранда әрбір 370 ананың біреуі босану кезінде қаза болады екен. Ал, Ауғанстанда әрбір алты әйледің бірі өлім құшып жатады. Мұның өзі бұл елдегі жалпы медициналық көмек көрсетудің нашар жағдайда екендігіне, сондай-ақ әйледерге деген нашар көзқарастың әсеріне тікелей байланысты болып отыр.

Дамыған елдер жөнінде айтар болсақ, мысалы, Құрама Штаттарда әрбір екі жарым мың әйледің біреуі, ал Швецияда әрбір 29 мың әйелдің біреуі босану кезінде қаза болады екен. Бұл көрсеткіштен де әлем бейнесі байқалғандай, дейді Колеман.
XS
SM
MD
LG