Accessibility links

“Дискавери” кемесі ғарышқа АҚШ-тың “Тәуелсіздік күні” құрметіне ұшуға тиіс


ВАШИНГТОН. Бүгін АҚШ-тың ғарыштық НАСА агенттігі “Дискавери” кемесін ғарышқа ұшырып көруге бел буғанын хабарлады. “Шаттл” кемесі Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен, Прага уақытымен кешкі сағат 8.38-де, АҚШ-тың “Тәуелсіздік күні” мерекесінің құрметіне ұшуға тиіс. “Дискаверидің” ұшырылуы әлденеше рет кейінге ысырылды. Оған қоса соңғы сәтте бір техникалық ақаулық аңғарылып, НАСА ғарыш агентігінің хабарлауынша, ол ақаулық жойылды.
XS
SM
MD
LG