Accessibility links

Иран халықаралық қоғамның ұсынысына 12-шілдеге қарай жауап беруге тиіс


МӘСКЕУ. Бүгін Ресей президенті В.Путин Иранды өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартуға ынталандыру үшін халықаралық қоғамның өзіне берген ұсыныстарын қабылдауға шақырды. Ресей лидері БҰҰ-ы, АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлы Британия, Франция және Германия бірлесіп әзірлеген ұсыныстардың пакетін нұсқап отыр. Ертең Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Хавьер Солана Иранның келіссөзге қатысушы ресми өкілі Әли Лариджанимен кездесіп, Иранның әлгі ұсыныстарға 12-нші шілдеге қарай жауап беруге тиіс екенін айтпақшы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG