Accessibility links

Израиль премьері армияға Газа аймағына шабуылын жалғастыра беруді бұйырды


ТАЯУ ШЫҒЫС. Палестинаның Израиль жауынгерін тұтқындап ұстап отырған экстремистік топтары әлгі тұтқынды босату үшін мысырлық дәнекерлермен арадағы келіссөзден бас тартқандарын мәлімдеді. Олардың өкілі атап өткендей, жаугер топтар өздерінің палестиналық тұтқындарды босату жөніндегі шартын Израильдің орындамауына байланысты келіссөзден шықты. Ал осы кезде Израиль премьер-министрі Эхуд Ольмерт қарулы күштерге Газа аймағындағы соғыс қимылдарын жалғастыра беруге бұйрық берді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG