Accessibility links

Брюссельде Иранның ядролық мәселесі қаралады


Бүгін Еуроодақтың сыртқы саясат мәселелері бойынша басшысы Хавиер Солана Брюссельде Иранның ядролық мәселесі бойынша бас өкілі Әли Ларижанимен кездеседі. Солана Иранды уранды байыту бағдарламасынан бас тартқызуға ынталандыру мақсатында жасалған халықаралық қауымдастықтың ұсыныстарына тезірек жауап беруге шақырады деп жоспарланған. Ал Иран болса аталған ұсыныстарға байланысты соңғы жауабын тамыздың 22-іне дейін бермейтінін айтқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG