Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Пхеньянды 6-жақты келіссөзге қайта оралуға шақырды


БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі кезектен тыс отырысын өткізіп, Солтүстік Кореяның зымыран сынақтарын жасағанын айыптады. АҚШ, Британия және Жапония елдері Пхеньянға қарсы санкция қолдануға шақырса, Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето қою хұқына ие Ресей мен Қытай әлсіздеу мәлімдеме жасады. Кеше Солтүстік Корея тәжірибе ретінде жеті зымыранды ұшырған болатын. Осыған байланысты АҚШ президенті Джордж Буш былай деп мәлімдеді:

“Солтүстік Корея бұл зымырандарды ұшырып, өздерін одан сайын алшақтандыруда. Бұл - Солтүстік Корея халқы үшін қайғылы. Мен Солтүстік Корея халқының жағдайына алаңдап отырмын. Ел үкіметі қару-жарақ бағдарламасын тоқтатуға келіседі деп үміттенемін”.

Қауіпсіздік Кеңесі Пхеньянды алты-жақты келіссөзге қайта оралуға шақырды.
XS
SM
MD
LG